​Астанада танымал қазақстандық суретшінің жеке көрмесі өтуде

0
1 166

Суретшінің жұмыстары Қазақстан, Грузия, Ресейдің мұражайлары қорларында сақталуда.


​Астанада танымал қазақстандық суретшінің жеке көрмесі өтуде

ERNUR.KZ. Әскери-тарихи мұражайда республикаға танымал суретші-кескіндемеші, ғалым, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері Қалиолла Ахметжанның жеке көрмесі өтуде, деп жазады ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалиолла Ахметжан – көптеген республикалық және шетелдік көрмелерге қатысқан. Суретшінің жұмыстары Қазақстан, Грузия, Ресейдің мұражайлары қорларында сақталуда. Көрмеде қазақ халқының тарихы, өнері, тыныс-тіршілігі көрініс тапқан. Картиналардан басқа қазақ халқы фольклоры мен қару-жарақ тарихы бойынша автордың ғылыми жұмыстары ұсынылған.

Көрменің мақсаты Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық құндылықтарын насихаттау. Көрменің мән-мағынасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған идеялармен ұштасады.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары көрмені күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Астана қаласы Республика даңғылы 2 мекенжайында орналасқан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи мұражайында тамашалай алады.