Астанада төрт полицей күдіктілерді мойындату үшін ұрып-соғып азаптаған

0
1 738

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты күдіктілерді ұрып-соққан төрт полиция қызметкеріне үкім шығарды.


Астанада төрт полицей күдіктілерді мойындату үшін ұрып-соғып азаптаған

ERNUR.KZ. Төрт полиция қызметкері сөз байласып әрекет еткен. Адамдардың қалталарынан зат ұрлады деп күдікке ілінген тұтқындарды полицейлер жүйелі түрде ұрып-соғып, қорқытып, кінәларын мойындатпақ болған. Полицейлердің әрекетінен төрт адам зардап шекті. Олар қорыққандарынан мойындауға мәжбүр болған, деп жазады stan.kz.

Полицейлер ақыры әшкереленіп, ұсталды. Оларға ҚР ҚК 146-бабы “Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар” бойынша айып тағылды. Прокурор үш адамды бес жылға, ал біреуін төрт жарым жылға (мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жылға жұмыс істеу құқығынан айыра отырып) соттауды сұрады.

Сотталушылардың кінәсін сот сараптамаларының деректері, жәбірленушілердің айғақтары және істің басқа да материалдарымен дәлелдеді. Нәтижесінде сот оларды үшеуін үш жылға, ал төртіншісін үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Олар мемлекеттік қызметте үш жыл істей алмайды. Екі сотталушы аға сержант атағынан, қалған екеуі полиция сержанты атағынан айырылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.