Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

0
595

Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды.


Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

"102" арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.