Астанада YPO жастар бизнес-форумы өтеді

0
72
Форумға қатысу тегін. Тек электрондық тіркеу жасау қажет: http://bi-group.org/forum_ypo

Астанада YPO жастар бизнес-форумы өтеді

ERNUR.KZ. Астана қаласында Қазақстанның белгілі кәсіпкерлері ұйымдастырған жас кәсіпкерлерге арналған YPO жастар бизнес-форумы өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

YPO жастар бизнес-форумы: жас кәсіпкерлерге арналған бизнес көшбасшылары 3 қарашада Қазмедиа орталығында өтеді. YPO (Young Presidents Organisation) - кәсіпкерлер мен компания иелерінің халықаралық жабық клубы, оған әлемнің 130 елінен 25 мың табысты бизнес өкілдері кіреді.

Қазақстанда ондай кәсіпкерлер 20 шақты. Олардың бесеуі форумда спикер болады - Lancaster Group директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Берік Қаниев, BI Group компаниясының акционері және директор кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Altyn Kyran Group бақылау кеңесінің төрағасы және акционері Исламбек Салжанов, CEO Globalink Logistics Сиддик Хан, Forbes шығарушысы Арманжан Байтасов.

Спикерлер табысқа жету құпияларымен, практикалық кейстерімен және бизнес жүргізу бойынша кеңестерімен бөліседі. YPO Kazakhstan тек стартаперлер мен кәсіпкерлерді ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті университет түлектерін де қатысуға шақырады.

Форумға қатысу тегін. Тек электрондық тіркеу жасау қажет: http://bi-group.org/forum_ypo

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет