Астанада зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды

0
1 289

Олардың қатарынан ҚР-ның чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеліп алынады.


Астанада зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды

ERNUR.KZ. Зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды. Қазақстан Респбуликасы Тұңғыш Президенті күніне арналған жүз түрлі дойбы жарысына мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысады, деп жазады bnews.kz.

Біріншілік екі күн қатарынан ҚР Ұлттық кітапханасындағы көзі нашар көретіндерге арналған залда өтеді.

"Турнир жыл сайын қараша айының соңында ҚР Президенті күніне орай өтеді. Жарысқа көзі нашар көретіндер мен есту қабілеті нашарлаған спортшылар қатысады. Сондай-ақ, біз дойбы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасынан ҚР-ның чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктейміз", - деді "Жігер" шахмат және дойбы клубының жаттықтырушысы Сағынбай Дәуренбеков.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.