Астанада жанкүйерлер Akon-ға іш киімін лақтырды (видео)

0
620

Америкалық рэпер А́лиан Дамала Тиа́м Smack That хитін орындаған кезде жанкүйерлер оған іш киімін лақтырған.


Астанада жанкүйерлер Akon-ға іш киімін лақтырды (видео)

ERNUR.KZ. Желіде елордада 18 желтоқсан күні өткен Аkon лақапатымен танылған америкалық әншінің концертінен даулы видеолар тарады, деп жазады stan.kz.

Америкалық рэпер А́лиан Дамала Тиа́м Smack That хитін орындаған кезде жанкүйерлер оған іш киімін лақтырған.

"@akon концертінің ыстық болғаны сонша, қыздар киімдерін шеше бастады", – делінген желіде тараған видеоның астында.

Жанкүйерлердің бұл әрекетіне желі қолданушылары түрлі реакция білдіруде.

"Есі дұрыс адам осылай істей ме?", "Сұмдық, ұят", "Жарайсыңдар, қыздар!", "Несі бар, әп-әдемі", – деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ әнші сахнаға қазақстандық жанкүйерлерін қуанту үшін, ұлттық киіммен шығуды да ұмытпады.