​Астанада жүкті әйелді телефон арқылы босандырып алды

0
2 387

Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.


​Астанада жүкті әйелді телефон арқылы босандырып алды

иллюстрациялық фото: happymigration.com

Астанада жүкті әйелді телефон арқылы «босандырды», деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.

«Стансаға телефон соққан әйелге колл-орталықтың диспетчері ауызша ақыл-кеңес беріп отырды. Сөйтіп екіқабат әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше өздігімен босанды», - деп хабарлады Астана жедел жәрдем стансасы.

Аман-есен дүниеге келген нәрестенің салмағы - 3800 келі, ал бойы - 51 см. Ал әке-шешесі сәбиге Ренат деген ат берді.

«Жүктілік кезеңі ойдағыдай өтіп, жеңіл босанды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіліп, перзентханаға жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада.