Астанадағы ЭКСПО аумағындағы "Нұр-Әлем" павильонында Түркияның туы көрінді

0
395

Бұл жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас Түркия халқына тілектестік білдіру мақсатында жасалған.


Астанадағы ЭКСПО аумағындағы

ERNUR.KZ. Астанадағы ЭКСПО аумағындағы "Нұр-Әлем" павильонында Түркияның туы көрінді, деп жазады stan.kz.

Бұл жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас Түркия халқына тілектестік білдіру мақсатында жасалған. Соңғы деректерге сәйкес дүлей зілзаладан кейін 12,3 мың адам көз жұмып, тағы 63 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған.

Қазіргі таңда қирандылар астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда ауа райы салқын болғандықтан оларды тірі табу ықтималдығы төмендеген.