Астанадағы көпқабатты үйдің лифтісінде балалар қалып қойды

0
524

Тұрғындардың айтуынша, лифт күніне 10-15 рет тоқтап тұратын көрінеді.


Астанадағы көпқабатты үйдің лифтісінде балалар қалып қойды

ERNUR.KZ. Астанадағы көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр, тіпті жылуды да ерте ажыратып тастапты. Тұрғындар үйдің іші суық деп отыр, ал бұл үйдің пайдалануға берілгеніне бір жыл да болмаған екен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тұрғындардың айтуынша, лифт күніне 10-15 рет тоқтап тұратын көрінеді.

«Неше рет қайталанды. 9-қабатта тұрамыз. Мына лифтіге міну қорқынышты. Менің балаларым сабаққа барады, лифт түсіп кетті ме, әлде тоқтап қалды ма деп аңдып отырамын. Келіп жөндейді, білмеймін, артынша бұзылып қалады. Шаршадық», - дейді тұрғындардың бірі.

Тұрғындар құрылыс компаниясына да барған. Ал компания өкілі су мен жылу мәселесінің бүгін шешілетінін айтты.

«Бүгін жылы суды, жылуды қосады . Мен айтып кеттім, қайталап өтейін. Біздікілер «учаске бастығы ауысқан» дейді. Сол білместен өшіріп кеткен. Лифтіні ауыстыруға бердік. Ауыстырылады», - деді құрылыс компаниясының өкілі.