Астанадағы сауда орталығының жанында ер адам қайтыс болды

0
922

Бұл жағдай расталды.


Астанадағы сауда орталығының жанында ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең елордалық полицейлерге сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz.

"Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында таңертең сағат 8:20 шамасында "102" арнасына "Asia Park" сауда орталығының жанынан мәйіт табылды деген қоңырау түскен. Оқиға орнына келгеннен кейін бұл факт расталды", - деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапқан.

Полицияның баспасөз қызметі атап өткендей, қазіргі уақытта қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды.