Астанадағы Ұлттық пантеонда орын таусылып жатыр

0
790

Ұлттық пантеон Қазақстанның дамуына, еліміздің ғылымы мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерді жерлейтін орын.


Астанадағы Ұлттық пантеонда орын таусылып жатыр

ERNUR.KZ. Ұлттық пантеонда тек 4 бос орын қалды, зиратты кеңейту керек. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының қорымдарды күтіп ұстауға арналған отырысында айтылды, деп жазады stan.kz.

Елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлының айтуынша, пантеонда 25 орынның төртеуі ғана бос қалған. Зират аумағын кеңейту қажет.

"Пантеон туралы бөлек жиналыс болады. Құжаттарды дайындаңыздар, тамыз айының басында барамыз, сырттай жиналыс өткіземіз", - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Ұлттық пантеон Қазақстанның дамуына, еліміздің ғылымы мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерді жерлейтін орын. Ол Астанадан 17 шақырым жерде Қабанбай батыр кесенесінің айналасында орналасқан және төрт гектар аумақты алып жатыр. Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, биыл пантеонды күтіп-баптауға 40 миллион теңге, аумақты абаттандыруға 70 миллион теңге бөлінген.