Астанадан Қарағандыға жол тартқан 18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті

0
557

9 желтоқсанда ол Астанадан Қарағандыға тапсырыс алған.


Астанадан Қарағандыға жол тартқан 18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Полицейлер Астана-Қарағанды бағытындағы жолда жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлын іздестіруде, деп жазады stan.kz.

Жігіт сұр Chevrolet Cobalt көлігімен жеткізу қызметін атқарады. 9 желтоқсанда ол Астанадан Қарағандыға тапсырыс алған. Куәгерлердің айтуынша, ол кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін ол байланысқа шықпай қалды.

Полицейлер Нұрсұлтан Жәнібекұлын көрген азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 телефондарына хабарласуын сұрайды.