Астанадағы дауылдан келген шығын 200 миллион теңгеден астам

0
2 237

22 мамырда Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ жауды. Табиғаттың тосын құбылысынан 13 адамның зардап шеккені және түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені хабарланған болатын.


Астанадағы дауылдан келген шығын 200 миллион теңгеден астам

ERNUR.KZ. Астанадағы дауылдан келген шығынның шамасын Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы атады. Айтуынша, табиғи құбылыстан елген шығын әлі де есептеліп жатыр, дегенмен алдын ала есеп жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті, тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет", - дейді ол.

22 мамырда Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ жауды. Табиғаттың тосын құбылысынан 13 адамның зардап шеккені және түрлі заттардың құлауынан 16 көлік бүлінгені хабарланған болатын.