​Астаналық ардагерлерге бес жүз мың теңгеден табысталады

0
1 110

Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы қарсаңында бас қаламызда ҰОС мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар үшін «Белсенді ардагер» айлығы басталды, ол осы жылдың 29 сәуірі мен 29 мамыры аралығында жалғасады.


​Астаналық ардагерлерге бес жүз мың теңгеден табысталады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері Жеңіс күніне орай 519 мың теңгеден алады, деп жазады Елорда Инфо.

«9 мамыр қарсаңында елордалық 71 ардагерге 519 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Бұған қоса, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген 332 адамға 9 АЕК, яғни 22725 теңге, ал 2817 тыл ардагеріне көмек ретінде 4,5 АЕК (11363 теңге) табысталады», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлзада Жекебаева.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерзімді басылымдарға жазылу, моншаға, шаштаразға бару және санаториялық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал қалалық автобустарда арнайы жеңілдіктер қарастырылса, тіс протездеу тегін жүргізіледі. Қазіргі күні ҰОС қатысушыларына теңестірілгендердің саны 2900 адамды құрайды. Яғни, олардың басым бөлігі – соғыс кезінде жесір қалған немесе туғанынан айырылған жандар.

Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы қарсаңында бас қаламызда ҰОС мүгедектері, қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар үшін «Белсенді ардагер» айлығы басталды, ол осы жылдың 29 сәуірі мен 29 мамыры аралығында жалғасады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов айлық аясында диагностикалық зерттеулер, емдеу-сауықтыру іс-шаралары, терапевт, гастроэнтеролог, кардиолог, уролог мамандарының қабылдауы, ЭКГ, ультрадыбыстық зерттеу тегін жүргізілетінін түсіндіріп берді.

«Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйым ардагерлерді назарда ұстап, сауықтыру іс-шараларын үйіне барып өткізеді. Бұл бізде тұрақты түрде қолға алынып келе жатқан істердің бірі», – деді Марат Шоранов.