Астаналық полицейлер із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр

0
578

​Ол 19 қыркүйек сағат 11.00-де үйден шығып, қайтып оралмаған.


Астаналық полицейлер із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Астаналық полицейлер осыдан 3 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Еспол Ақбота Нұржанқызы 2002 жылы туған. 19 қыркүйек сағат 11.00-де үйден шығып, қайтып оралмады.

Бойы - 160-165 сантиметр, арықша, қараторы келген, шашы қара, иығына дейін, бетінде меңі бар. Қара куртка, көк джинсы мен түрлі-түсті кроссовки киген.

Вышла из дома и не вернулась: в Нур-Султане пропала 19-летняя девушка

Еспол Ақбота Нұржанқызы


Жоғалған бойжеткенге қатысты ақпарат болса Есіл аудандық полиция басқармасына хабарласуды сұрайды. Байланыс телефондары: 8 (7172) 71-65-53, 71-65-57, 71-65-58, 8 (702) 199-19-11 немесе 102.