Астаналық зейнеткерлерге көмір сатып алу үшін 40 мың теңгеден беріледі

0
1 129

Әлеуметтік көмек 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне қарсы орайластырылған.


Астаналық зейнеткерлерге көмір сатып алу үшін 40 мың теңгеден беріледі

ERNUR.KZ. Елордада 82 мыңнан астам зейнеткер, 25 мың мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елордада қарт адамдардың проблемаларына назар аударылады. Олардың материалдық жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру, қазіргі замандағы әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады», - дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Илья Скуб.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орайластырылған егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы қарт адамдарға назар аудару мен жан-жақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды.

Илья Скубтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық егде адамдар күнін тойлау аясында ардагерлерді құрметтеу, сый-сыяпат көрсету және олардың мұқтаждықтарына тиісті көңіл бөлу дәстүрге айналып отыр. Қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары әртүрлі қайырымдылық акцияларын өткізуде.

«Бүгінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен 67 мың зейнеткерге (зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылардан басқа) 6313 теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Барлық қалалық жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, сондай-ақ тегін тіс протездеу қызметтері көрсетіледі. Одан бөлек, көмір сатып алуға 40 400 теңге көлемінде әлеуметтік көмек жасалады», - дейді ол.

Сондай-ақ, «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағында Қатаркөл көлінің жағасында экологиялық таза орманды алқапта орналасқан «Қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» ШЖҚ МКК-де шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетіліп, зейнеткерлерге жолдама құнының 35%-ы (53 900 теңге), ал ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға жолдама құнының 25%-ы (38 500 теңге) төленеді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, соларға теңістірілген тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жолдама тегін түрде ұсынылады.

«Жыл басынан шипажайлық-курорттық емделу қызметтерімен 4 мыңға жуық адам, оның ішінде 1,7 мың зейнеткер, 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлға қамтылды», - дейді Илья Скуб.