Астаналық жауынгер-интернационалистер патриоттық автошеруге шықты

0
102

Ауған соғысының ардагерлері Нұр-Сұлтан – Астрахан – Атбасар, Ақкөл – Макинск – Бурабай – Көкшетау бағыты бойынша аттанды.


Астаналық жауынгер-интернационалистер патриоттық автошеруге шықты

ERNUR.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы "Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Нұр-Сұлтан – Астрахан – Атбасар, Ақкөл – Макинск – Бурабай – Көкшетау бағыты бойынша патриоттық веложорық жолға шықты, деп жазады Елорда Инфо.

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай және Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара барысында жолдағы елдімекендерде жастармен кездесулер, "Ерлік сабағы" және спорт жарысы өтеді.

"Біздің астаналық ұйым осындай автожорық арқылы жұртшылыққа, әсіресе жастарға ерлік пен елдік дәстүрімізді көрсеткіміз келеді. Қатарымызда саяси-әлеуметтік мазмұнда дәріс беретін, ән айтатын, өлең оқитын жауынгер-интернационалистер бар. Олар митинг, кездесу кезінде елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, республикамыздың жетістіктері және жастарға өнегелі әңгімелер айтатын болады", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы "Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлерді одағы" ҚБ төрағасы Серік Кенжебеков.


Ал Қарағанды қаласынан келген Денис Шаповалов:

"Әкем Игорь Владимирович Шаповалов 1981-1983 жылдары Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Сондықтан осындай шараларға қатысуға тырысамын. Астаналық Ауған соғысының ардагерлеріне алғыс айтамын. Осындай іс-шаралар бізді ерлікке, бірлікке шақырады", – дейді.

Кешке қарай автожорық Щучинск қаласында аялдайды. Мұнда паткратион күресінен Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгер-интернационалистерге еске түсіруге арналған турнир өтеді. Аталған патриоттық іс-шара ертең Көкшетау қаласында жалғасады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет