Астаналықтар мектеп оқушысын ұрған мұғалімді жақтап шықты

0
422

Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде химия пәнінің мұғалімі сабақ үстінде 9-сынып оқушысын ұрғаны үшін жұмыстан шығарылды.


Астаналықтар мектеп оқушысын ұрған мұғалімді жақтап шықты

ERNUR.KZ. 28 жылдық тәжірибесі бар ұстазды жұмыстан шығару кейбір ата-аналардың наразылығын тудырды. Олар жазаны тым қатыгез деп санады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға №3 мектеп-гимназиясында болды.Оқушылардың ата-аналары журналистерге мұғалім Снежана Окружконың жұмыстан босатылғанын айтты.

"Ол ескіліктің адамы. Ол бір уақытта айғайлап ұрса да, құшақтай да алады. Балалармен өте жақын, балалар оны жақсы көреді. Сыныпта шу болып, қызды кітаппен ұрып жіберген. Жұмыстан босатылды. Директорға қайта-қайта бардық, қалдыруын сұрадық. Ол өз ісінің маманы, тәжірибесі көп, сіңірген еңбегі қаншама, балаларды түрлі олимпиадаларға қатыстырған бірақ мұның ешқайсысы ескерілмеді. Тіпті оларға қоштасуға да рұқсат етілмеді", - деді мектептің ата-аналар комитетінің басшысы Виктория Евдокимова.

Ол 9-сынып оқушысының ата-анасымен кездесу ұйымдастырып, жанжалды бейбіт жолмен шешуге сендірмек болғанын, бірақ мектеп басшылығы қарсы болғанын түсіндірді.

"Ол менің баламның сынып жетекшісі болды. Тоқсанның соңы, тоғызыншы сынып оқушылары сынып жетекшісінсіз қалдық. Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ бізді де түсіну керек. Ол жақсы мұғалім. Кешірім сұрай алады, айыппұл төлей алады. Бірақ сыныпты сынып жетекшісінен айырды. Ол жақсы атмосфера құрды. Біздің сыныпта барлығы оның жұмыстан босатылуына қарсы", - деп қосты оқушылардың бірінің анасы Жанел Сексенбаева.

Журналистер мектеп директорына хабарласа алмады.

"21 қазандағы бұйрыққа сәйкес, No3 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Окружко Снежана Николаевнамен еңбек шарты бұзылды. Мұғалімге қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Ата-аналардың өтінішін педагогикалық этика кеңесі қарады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.

Снежана Окружконың айтуынша, кәсіподақ та, мектеп заңгері де оны жақтамаған.

"Мен сабақта әзілдесіп, баланы оқулықпен қағып жібердім. Бірақ арамызда анжал болған жоқ, олар күлді, бәрі жақсы сияқты болды. Содан кейін ата-анасы айыптап келді. Мен, әрине, кешірім сұрадым. Мен әлі де сабаққа келіп, балалардан кешірім сұрауға дайынмын.Себебі менде ешқандай жаман ой болған жоқ.Мен қателескеніммен келісемін. Ата-аналар өз сыныбында сабақ бергенімді қаламайтындарын айтты.Әрине келістім.
Бірақ директор маған телефон соғып, "Педагогикалық этиканы бұзу" бабы бойынша жұмыстан босатылғанымды айтты", - деп бөлісті ұстаз.

Оның айтуынша, директор жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.

Кешке көптеген қоңыраулардан кейін Снежана Окружко шәкірттері мен олардың ата-аналары оны жақтағанын білді.

Енді мұғалім оқиғадан кейін еңбек кітапшасын алуға алғаш рет мектепке келуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, ол бұрын мектеп директорымен жанжалдаспаған.