​Астананың 20 жылдығы: 20 млн теңге және 20 000 $ бәйгеге тігіледі

0
2 392

Ұлттық спорт түрлерінен ел Чемпионаты жүлделері жарысқа қатысатын 15 команда арасында сарапқа салынбақ.


​Астананың 20 жылдығы: 20 млн теңге және 20 000 $ бәйгеге тігіледі

фото: liter.kz

ERNUR.KZ. 29 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада көкпар, жамбы ату, теңге ілу, бәйге мен аударыспақтан ҚР Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Чемпионаты биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында елордамыздағы «Қазанат» ипподромында өтпек. Осы жылы көкпар мен аударыспақтан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты XVІІI рет жалауын көтерсе, теңге ілуден ҚР чемпионаты ХІІ рет, жамбы атудан ҚР чемпионаты ІV рет ұйымдастырылып отыр.

Ұлттық спорт түрлерінен ел Чемпионаты жүлделері жарысқа қатысатын 15 команда арасында сарапқа салынбақ.

Көкпар ойындары 29 маусым – 6 шілде аралығында күніне жеті кездесуден жоспарланған, ал финалдық ойын 6 шілдеге белгіленді. Аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату бәсекелерін 30 маусым күні тамашалаймыз.

«Астана кубогі» үшін өтетін бәйге екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен «Астана кубогін» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі – 20 000$-ды құрайды.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара» компаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Чемпионат 29 маусымда сағат 15:00-де «Қазанат» ипподромында ашылады, деп күтілуде.