​Астананың сол жағалауында теміржол билеттерін тәулік бойы сататын касса ашылды

0
1 315

Касса Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 6-шы ғимарат, «А» блогы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ»АҚ мекен-жайы бойынша орналасқан. Байланыс тел: +7 (7172) 600-519.


​Астананың сол жағалауында теміржол билеттерін тәулік бойы сататын касса ашылды

ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астананың сол жағалауында тәулік бойы теміржол билетін сататын арнайы касса ашты, деп жазады Елорда Инфо.

Жаңа касса елорданың әкімшілік-іскерлік орталығында «Нұржол» бульварында орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ кассада билетті рәсімдеу үшін комиссия алынбайды. Бұл билетті топтық тапсырыс бойынша рәсімдеу, брондау және халықаралық бағыттар бойынша сатуға басымдық беретін сол жағалаудағы алғашқы касса.

Айта кетейік, бұған дейін брон бойынша билетті тек қала вокзалдарында ғана рәсімдеуге болатын. Ол жолаушыларға қолайсыздық туындатты, себебі алдын ала вокзалға келіп, билеттерді рәсімдеген соң пойыз жүргенге дейін бірнеше сағат күтуге тура келетін. Енді жолаушылар билетті тәуліктің кез келген уақытында комиссиясыз сатып ала алады.Болашақта қызметкерлер мен билет сату нүктесінде көрсетілетін қызмет санын көбейту жоспарланып отыр.

Касса Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 6-шы ғимарат, «А» блогы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ»АҚ мекен-жайы бойынша орналасқан. Байланыс тел: +7 (7172) 600-519.