Астрономия бойынша Халықаралық олимпиада Ресейде өтеді

0
515

Олимпиада Мзымты мен Псоу өзендеріндегі Имерети ойпатында орналасқан, Кавказ тауларымен және ерекше табиғи қорықпен қоршалған "Сириус" федералды аумағында өтеді.


Астрономия бойынша Халықаралық олимпиада Ресейде өтеді

ERNUR.KZ. Ашық Халықаралық астрономиялық олимпиадаға қатысуға өтінім беру мерзімі 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлады Россотрудничествода. Командаға 18 жасқа дейінгі әр түрлі жастағы адамдар қатыса алады. Төменгі жас шегі белгіленбейді, деп жазады sputnik.kz.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады: байқау, практикалық, теориялық және тест. Тапсырмалар бойынша әртүрлі елдердің өкілдерінен тұратын академиялық комиссия жұмыс істеді.
Олимпиада биыл 14-22 қараша аралығында "Сириус" федералды аумағында өтеді, деп толықтырды Россотрудничествода.
"Олимпиадаға қатысушыларды қызықты тапсырмалар ғана емес, сонымен қатар кең мәдени бағдарлама: дәрістер, шеберлік сыныптары мен экскурсиялар күтеді", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
"Сириус" - бұл Кавказ табиғи қорығында орналасқан федералды аймақ. Мұнда 2014 жылғы қысқы Олимпиада өтті, олимпиадалық мұра нысандарының негізінде Владимир Путиннің бастамасымен дарынды балаларға арналған "Сириус" білім беру орталығы құрылды.