Астық бағасы төмендесе де, нан арзандамады – министр

0
920

Биыл 16 млн тонна астық бастырылады деген болжам бар.


Астық бағасы төмендесе де, нан арзандамады – министр

ERNUR.KZ. Елімізде нан бағасы астықтың тоннасы 160 мың теңгеге көтерілгенге дейін сақталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Бүгінде дүкенде нан бағасы 92 теңге және одан жоғары. Әр дүкенде баға әртүрлі. Астықтың тоннасы 160 мың теңге болған кезде нан бағасы қымбаттады. Бірақ, астық бағасы төмендегенде нан арзандаған жоқ. Нарықта астықтың тоннасы 105-110 мың теңге, оның үстіне балауызы жоғары. Сондықтан да астық тоннасы 160 мың теңгеге дейін көтерілгенше нан бағасы сақталады. Осы орайда наубайханалардан да баға неге арзандамағанын сұраған жөн", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айдарбек Сапаровтың дерегінше, биыл 16 млн тонна астық бастырылады деген болжам бар. Бұдан бөлек, өткен жылдан 3 мон тонна астық қалып отыр.