Астық импортын шектеу: тыйым кімдерге әсер етпейді

0
517

Бұйрық 25 қыркүйекте жарияланған болатын.


Астық импортын шектеу: тыйым кімдерге әсер етпейді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына авто және темір жол көліктермен бидайды әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа түсінік берді, деп жазады sputnik.kz.

Бұйрық 25 қыркүйекте жарияланған болатын.
"Тыйым – лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына вагондармен импортталған бидайға әсер етпейді. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға да әсер етпейді”, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрлік қабылданған шара елдің халықаралық міндеттемелеріне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ нормаларына қайшы келмейтінін атап өтті.
"ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тауарлардың өзара саудасында, егер олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда, шектеулерді қолдануға құқылы",- деп атап өтті министрлік.
Ведмоствоның мәліметінше, жиналатын астықтың жалпы күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Ауыспалы бидай қоры 1 қыркүйекте 3,7 млн тоннаны құрады.