Астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр – ҚР АШМ

0
544

Ресей бидай мен астық экспортына уақытша тыйым салды.


Астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр – ҚР АШМ

ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Қазір астық экспортына да, ұн экспортына да шектеу қою мәселесі пысықталуда. Ресей бидай мен астық экспортына уақытша тыйым салды. Біз бұл жағдайды білеміз, бақылауда ұстаймыз. Біздің астық балансымыз жақсы. Ішкі нарықта тұтынуға жеткілікті, орташа жылдық көлем деңгейінде экспорттауға да жетеді", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Ол сондай-ақ Қазақстанда мұндай шараны енгізудің тиімділігін тілге тиек етіп өтті.

"Экспорттаушылар ішкі нарыққа сатқысы келмейді. Бағаның көтерілуін күтіп отыр. Мұнда ұн өндірушілер мен астық өндірушілер арасында келісім болмай тұр. Экспортқа тиісті шектеу енгізіледі. Сонда экспорттаушылар өнімнің белгілі бір бөлігін ішкі нарыққа жіберуге мәжбүр болады", - деді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.