​Ақтау соты Шымкенттің екі полицейін ақтап үкім шығарды

0
1 131

Екі тәртіп сақшысының аңдуының арқасында көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 15 жасар қызыммен бірге секіріп кеттім деп әйел арызданған болатын. Елдің назарын аудартқан бұл шағымнан соң екі полицейге қатысты ҚР ҚК 362 бабы, билікті асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.


​Ақтау соты Шымкенттің екі полицейін ақтап үкім шығарды

ERNUR.KZ. Ақтауда Шымкенттің екі полицейіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Екі тәртіп сақшысының аңдуының арқасында көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 15 жасар қызыммен бірге секіріп кеттім деп әйел арызданған болатын. Елдің назарын аудартқан бұл шағымнан соң екі полицейге қатысты ҚР ҚК 362 бабы, билікті асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Ақтау қалалық соты екі сотталушыны ақтап отыр. Тәртіп сақшыларының іс әрекетінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ деп табылды. Қазіргі таңда екі полицей де Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ де қызметтерін қайта жалғастыруға кірісті.