Ақтауда банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

0
1 142

Күдікті оқиға орнынан қашпақ болған. Алайда ЖПҚ қызметкерлері оны ұстап алған.


Ақтауда банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Ақтауда "Цеснабанк" филиалына қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Қаскөйге банк күзетшісі әуеге оқ атып, тойтарыс берген.

"Маңғыстау облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне 10.30-да Ақтаудағы 15-ықшамауданда орналасқан "Цесна Банкке" қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабар келіп түсті", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Күдікті оқиға орнынан қашпақ болған. Алайда ЖПҚ қызметкерлері оны ұстап алған.

"2018 жылдың 21 мамырында бұл дерек Маңғыстау облыстық ІІД-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.