​Атбасарда сенбілікте оқушы тоққа түсіп өлді: ҚТЖ ресми түсініктеме берді

0
1 284

Мектеп оқушысы астық вагонының төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған еді.


​Атбасарда сенбілікте оқушы тоққа түсіп өлді: ҚТЖ ресми түсініктеме берді

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Ақмола облысының Атбасар ауданында теміржолда болған трагедияға ресми түсініктеме берді, деп жазады Sputnik Қазақстан .

ҚТЖ компания қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтағанын атап өтті.

"Теміржол стансасы сым қоршаумен қоршалған, қауіпсіздік ескерту белгілері бар. Үшінші жолда тұрған вагондар теміржол көлігіндегі дабыл нұсқаулығына сәйкес қоршалмайды және жол қызметкерлері күзетпейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына ол жақ қауіпті екені ескертілген.

"2018 жылдың 20 қыркүйегінде Атбасар жол дистанциясының өкілі сынып сағаттарын өткізу кезінде оқушыларды теміржол көлігінде – қауіп төндіретін жерлерде балалардың жүріп-тұру ережесімен таныстырды", - деп қорытындылады ұлттық компания.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Ақмола жол бөлімшесінің Ирченко стансасында қайғылы оқиға болды. Мектеп оқушысы үшінші жолда тұрған астық вагонының төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған. Трагедия сенбілік өтіп жатқан күні мектептен 300 метр жерде болды. Мектептің өзі теміржолдан 40 метр жерде орналасқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол қозғалысы қауіпсіздігінің тәртібі және оны жүргізу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.