Атыңыздағы мүлік туралы деректі E-Salyq Azamat арқылы түзете аласыз

0
2 450

​15 жыл бұрын сатылған көліктер иесін «қимай жүр».


Атыңыздағы мүлік туралы деректі E-Salyq Azamat арқылы түзете аласыз

ERNUR.KZ. Салық жүйесі қанша жерден жетілдірілген десек те, деректер базасы талай қазақстандықты әуре-сарсаңға салып жүр, деп жазады inbusiness.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брфингте әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевқа осы мәндегі бірнеше сұрақ қойды. Бірінің атында 15 жыл бұрын сатылып кеткен көлік тұрса, енді бірінің қос көлігі де базадан табылмаған.

Комитет өкілі бұл олқылықтарды екі бөлек жүйенің деректер базасын кіріктірген кезде кеткен кемшіліктермен байланыстырды.

«Айта кету керек, біз деректермізді Ішкі істер министрлігінің базасындағы көліктер туралы деректерге кіріктірген болатынбыз. Иә, белгілі бір ауытқулар бар. Сондықтан біз E-Salyq Azamat қосымшасында «түзету» сервисін алдын ала қарастырдық. Мысалы, кезінде қолды болған немесе сенімхат бойынша сатылған көліктердің иелері мүліктің өз атында екенін ұмытып кетіп жатады. Ал базада ол бәрі сақталады. Сервис осындай қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді. Яғни, мобильдік қосымша арқылы базадағы ескі деректі түзете аласыз. Ол үшін қосымшаның «түзету» сервисіне кіріп, атыңыздағы көліктің меншік мәртебесін өзгерту туралы өтінім беру керек. Расымен де осындай қателіктер туындап жатады. Осы қосымшаны іске қосудағы бір мақсатымыз мемлекеттік деректер базасын азаматтардың қатысуымен жаңалап, өзектілендіру болатын. Мысалы, азамат атындағы көлігін сенімхат арқылы сатқан болса, қосымша арқылы сату-сатып алу құжаттарын жүктеп, бізге жолдайды»,– деді ол.