"Атып қана қоймай, артымыздан қуды" - Алматыда дін істері басқармасының басшысы жағдайын айтты

0
381

Шенеунік қазір ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.


ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының оқ тиіп, жараланған қызметкері Нұрлан Кикимов жағдайын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазір мені бір ауруханадан екінші ауруханаға ауыстырып жатыр. Қай ауруханада екенімді айта алмаймын. Қажетті шұғыл ота жасалды (...) Оқты ала алмады, дәрігерлер консилиум жүргізіп, негізгі отаны дене сауыққан кезде жоспар бойынша жасаған дұрыс дейді. Арқамнан өкпеге оқ өткен. Оқ жауырынды тесіп кеткен", - деді Кикимов.

Шенеунік қазір ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты деп бағаланған. "Мен ем қабылдап, сынамалар тапсырып жатырмын", - деп қосты шенеунік.

Кикимов штабта жұмыс істегенін, сол күні, 6 қаңтарда әкімдік ғимараты лаңкестерден босатылғаны туралы хабарланғанын айтты.

"Біз шығынды анықтау үшін оқиға орнына барғанда, ұйымдасқан топ шабуыл жасады. Бұл келісілген және мақсатты әрекет. Олар атып қана қоймай, артымыздан қуды", - деді ол.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасалды.