Атырау-Ақтөбе тасжолында апат болып, 9 адам қаза тапты

0
567

Қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


Атырау-Ақтөбе тасжолында апат болып, 9 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар - барлығы 9 адам түгелдей қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға туралы Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook желісінде жазды.

Тұрғымбаевтың айтуынша, Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Тағы бір оқиға қайғылы жол-көлік оқиғасы Павлодар облысында күндіз тіркелді. Тасжолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі және оның барлық төрт жолаушысы мерт болды.


"Ескерте кететін жай, жол-көлік оқиғаларының 96%-і жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзушылықтар жасайды. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады", - деп жазды министр.

ІІМ-нің статистикалық мәліметтері "тәжірибесіз" жүргізушілердің (көлік жүргізу өтілі 1 жылдан төмендер) үлесіне жол-көлік оқиғаларының тек 1,8 %-і ғана тиетінін көрсетеді. Жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан орын алады екен. Олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіреді.

Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі Жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін қаперлеріңізге салады:
- бірінші орында жылдамдықты арттыру (33,1%)
- екіншісінде - маневр жасау ережелерін бұзу (17,7%)
- үшінші орында - реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (7,6%)

ІІМ автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелері мен шектеулерін қатаң ескеруге шақырады, ал жаяу жүргіншілерге жолда қырағы болуды ескертеді.