«Атырау – Астрахань» пойызында 13 жастағы бала көз жұмды

0
472

Лагерьге бара жатқан бала аяқ астынан қайтыс болған.


«Атырау – Астрахань» пойызында 13 жастағы бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер баланың ажалына не себеп болғанын анықтап жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

«7 тамызда Атырау – Астрахань бағытында келе жатқан №625 пойызда 2010 жылғы бала көз жұмды. Ол қатарластарымен, төрт тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар тамақты өз үйінен алып шыққан», - деп хабарлайды ҚТЖ.

Уланғаннан кейін бір жарым сағаттан соң бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жедел жердем шақырды. Жедел жәрдем Нарын стансасына келген. Келген дәрігерлер баланың көз жұмғанын хабарлады.

Баланың өліміне не себеп болғаны сараптамадан кейін белгілі болады.