Атырау балықшылары 200 келілік балық ұстады

0
815

Айта кетейік, қортпа — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады.


Атырау балықшылары 200 келілік балық ұстады

ERNUR.KZ. Атырауда "Амангелді атындағы" ЖШС бригадасы Орал-Атырау балық зауытының балықшыларымен бірлесіп салмағы 200 келі болатын қортпа балығын ұстады, деп жазады Stan.kz.

Балықты тексерістен өткізу үшін балық зауытының өндірістік базасына жеткізді. Бұл туралы балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы айтты.

Егжей-тегжейлі ақпарат кейін жарияланады деп уәде берілді.


Айта кетейік, қортпа — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады. Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады.