Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

0
1 222

Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш.


Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

ERNUR.KZ. Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін", - делінген 25 желтоқсанға дейін талқылау үшін жарияланған үкімет қаулысы жобасының мәтінінде.

Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев (Атырау) облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген.

1940 жылы Орал қаласындағы № 1 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте ол жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алды. Оның есімі Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнеріне берілді.