Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

0
726

Ведомстводағылар оның өз еркімен кету туралы өтініш жазғанын айтады.


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров отставкаға кетті, - деп жазады tengrinews.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін бірқатар себеп бойынша қатаң сөгіс жарияланды. Олардың ішінде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асырудағы, жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұйымдастырудағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өңірдің медициналық мекемелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер бар.

Ведомстводағылар оның өз еркімен кету туралы өтініш жазғанын айтады.