Атырау облысында балықтар қырылып, арнайы комиссия құрылды

0
1 279

Аталған комиссия оқиға орнына аттанып кеткені де нақтыланады.


Атырау облысында балықтар қырылып, арнайы комиссия құрылды

ҚР Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысы Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылу фактісін тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

"2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23-00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балықтардың қырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылды", деп хабарлады ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті.

Аталған комиссия оқиға орнына аттанып кеткені де нақтыланады.

Сондай-ақ қосымша ақпарат кейінірек берілетіні де хабарланады.