Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

0
498

Оның денесін бейіттердің арасынан шопан тауып алған.


Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

20 қараша күні Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғыны таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды.

Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.