Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам ұсталды

0
735

Ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған.


Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам видеоға түсірілді, - деп жазады тengrinews.kz.

Видео Instagram желісіндегі "Доброе сердце" парақшасында жарияланды.

Видеоны ер адамның танысы түсірген дейді. Ол итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған танысына "Мака, қой, кәуап жасамай-ақ қой, керек емес" дейді. Алайда ол өз әрекетін тоқтатпады.

Атырау облысының полиция департаменті осы видеоға қатысты тексеріс бастады.

"Бұл оқиға 31 мамырда Еркінқала ауылының шетінде болған. Ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған. Күдікті анықталып, ұсталды", - деді полицейлер.