Атырау облысында канал суына құлағандар бір отбасының балалары болып шықты

0
291

Бір отбасының ағалы-інілі екі баласы ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кеткені анықталды.


Атырау облысында канал суына құлағандар бір отбасының балалары болып шықты

ERNUR.KZ. Атырау облысында канал суына құлағандар бір отбасының балалары болып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, канал суына батқандардың екеуі де бір отбасының балалары болып шыққан.

«Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округінде тұратын бір отбасының ағалы-інілі екі баласы ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кеткені анықталды. Канал суына алдымен 2016 жылғы інісі батқан. Оның құлағанын көрген 10 жасар ағасы құтқармақ болып, суға секірген. Сол маңда бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді көмекке шақырған. Көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шғарып алған. Алайда, 2016 жылғы бала оқиға орнында көз жұмған», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Ал, 10 жасар бала ауылдағы жедел-жәрдем көлігімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Атырауда бір күнде Жайық өзеніне әуелі ер адам, кейін әйел түсіп кеткенін жазған болатынбыз.

Ер адамды Жұмыскер шағын ауданында балық аулып отырғандар көріп, құтқаруға тырысқан.

Ал, 44 жастағы әйел жолды қысқарту үшін Жайық өзенінің келесі жағалауына өтпек болған.