Атырау облысында көне қала табылды

0
918

Атырау өңіріндегі көне қонысты зерттеу жалғасып жатыр.


Атырау облысында көне қала табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысының аумағында тағы бір көне қала табылды. Ғалымдар оны Алтын Орда дәуіріне жатқызды, деп жазады sputnik.kz.

Табылған қала Алтын Орданың астанасы Сарайшықтан 25 километр жерде орналасқан. Ғалымдар қазба жұмыстары кезінде саз құмыралардың, керамикалық бұйымдар мен тиын сынықтарын тапты. Жақын жерде шамамен сол кезеңге жататын қорым бар. Археологтар онда беделді адамның сүйегі болуы мүмкін деп болжам жасады.
Тарих ғылымдарының докторы Мадияр Елеуовтің айтуынша, соңғы екі жылда археологтар көне қалалар мен елді мекендерді тауып қана қоймай, керуендер жүретін үш бағытты да анықтаған.
"Зерттеушілер Қарағайлыдан да шағын қаланы анықтады. Онда қазба жұмыстары енді басталды. Жәдігерлерге қарап бұл қаланың Алтын Орданың астанасы - Сарайшықпен "құрдас" болғанын анықтауға болады", - дейді Мадияр Елеуов.
Атырау өңіріндегі көне қонысты зерттеу жалғасып жатыр.