Атырау облысында шетелдік жұмысшыларға берілетін квота саны қысқарды

0
95

2019 жылдың желтоқсан айының соңында шетелдік жұмысшыларды қысқарту қажеттілігі туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын.


Атырау облысында шетелдік жұмысшыларға берілетін квота саны қысқарды

ERNUR.KZ. Биыл Атырау облысында шетелдік жұмысшыларға берілетін квота 37 пайызға қысқарды, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров 2019 жылы шетелдік жұмысшыларды тартуға 17 мың квота, ал 2020 жылы 10567 квота бөлінгенін айтты. Яғни жалпы саны 37 пайызға қысқарды.

Мейрамбек Алдияровтың айтуынша, шетелдік жұмысшылар 4 санатқа бөлінеді.

"Басшылар кіретін бірінші санатқа 2020 жылы 88 квота бөлінді (2019 жылы 218 квота), екінші санатқа құрылымдық бөлімшелердің басшылары жатады, оларға 2369 квота (2019 жылы 4798 квота), үшінші санатқа мамандар жатады, оларға 6858 квота (2019 жылы 9729 квота), ал төртінші санаттағы жұмысшыларға 641 квота (2019 жылы 1291 квота) және маусымдық жұмысшылар үшін 611 квота (2019 жылы 964 квота) бөлінді", - деп түсіндірді Мейрамбек Алдияров.

Айта кету керек, төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшіне квота саны 50 пайызға қысқарды. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында шетелдік жұмысшыларды қысқарту қажеттілігі туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген болатын.

"Биыл шетелдік жұмыс күшін тартып жатқан 95 компанияның қызметі тексерілді. Арнайы құрылған комиссия 330 заңбұзушылықты анықтады. Олардың көбі атқарып жатқан қызметтеріне сай болмай шыққан. Осындай олқылықты болдырмау үшін шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны едәуір қысқарту керек. Биыл 49 мың квота берілген, келесі жылы соны 29 мыңға дейін азайту қажет", - деген Президент 2019 жылы 20 желтоқсанда болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет