​Атырау облысында сүйектер шашылып жатыр (видео)

0
2 891

Атырауда ескі қорым қараусыз қалған.


​Атырау облысында сүйектер шашылып жатыр (видео)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Атырау облысындағы Сарайшық көне қалашығында адамдардың сүйектері шашылып жатыр, деп жазады ERNUR.KZ Копжасарұлы Ерқанаттың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Мынау не деген масқара?! Біз қазір Сарайшықтамыз. Көмілмеген адамның сүйектері шашылып жатыр. Әруақтарды қорлау... Ұят қой мынау деген... өз қолымызбен көме салайық деген едік, бірақ мына жердегі жігіттер олай болмайды, бұл жерге тарихшыларды, арнайы мамандарды шақыру керек дегеннен кейін тиіспей тұрмыз, әйтпесе өзіміз-ақ көметін едік. Бөтелкелер, қоқыстар шашылып жатыр. Адамның бассүйегі жатыр, оның мың жыл бұрын кім болғанын бір Алла біледі. Кім болса да әруақты былай қорлауға болмайды» деген сөздер айтылған парақшадағы бейнежазбада.


Сонымен қатар автор Атырау облысы шенеуніктерінен мұнаймен жағаласа бермей, бұл мәселені шешу үшін көмек сұраған.