Атырау облысында ток соққан 61 жастағы монтер көз жұмды

0
488

Оқиға кеше, 21 маусымда Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде болған.


Атырау облысында ток соққан 61 жастағы монтер көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысында ток соққан 61 жастағы монтер мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға кеше, 21 маусымда Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде болған.

«Атырау-Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан КТПГ-04/6кВ жабдығын профилактикалық сынау-тексеру жүргізілген.

«Сол кезде электр монтерді РУ-6 кВ жоғары кернеулі желісінен ток соққан. Монтердің электр қауіпсіздігі бойынша IV разрядты рұқсат құжаты болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдем бригадасы монтердің өлімін тіркеді», -деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Оқиға туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясына, сондай-ақ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне хабарланған.

Осыған байланысты арнайы комиссия құрылғаннан кейін жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізіледі.

Ал, облыстық департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерекке орай сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Мақат кентінде «Атырау-Жарық» АҚ-ның 1962 жылғы қызметкері жұмыс кезінде қайтыс болғаны анықталды. Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.