Атырау облысында жол апатынан актриса қайтыс болды

0
2 599

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні Атырау-Доссор тасжолында болған.


Атырау облысында жол апатынан актриса қайтыс болды

ERNUR.KZ. Театр актрисасы Атырау-Доссор тас жолында апатқа ұшырады, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні Атырау-Доссор тасжолында болған. Газель мен ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ол 1997 жылы туған театр актрисасы.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Апат салдарынан қайтыс болған қыз Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы болған, деп хабарлайды БАҚ.