Атырау облысындағы жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

0
1 146

Қайғылы оқиға Индер ауданының Индербор ауылында болды.


Атырау облысындағы жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 22 маусымда Индер ауданында болған жол апатынан қаза тауып, зардап шеккендердің жалпы саны - 8. Бұған дейін үш адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алғаны айтылған, - деп жазады tengrinews.kz.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, Индербордағы аудандық ауруханаға барар жолда тағы бірі қайтыс болды. Ауруханаға зардап шеккен 5 адам жеткізілді. Ауданға хирург пен реаниматолог жіберілді", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, қайғылы оқиға Индер ауданының Индербор ауылында болды. "Тойота" және "Лексус" автокөліктері соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды, ал төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аймақтық полиция демпартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы негізінде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, мамандар зардап шеккендерді санитарлық авиациямен Атырауға жеткізу туралы шешім қабылдаған.