Атырау тұрғыны мұз астына түсіп кеткен досының өмірін арашалап қалды

0
605

Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға түсті.


Атырау тұрғыны мұз астына түсіп кеткен досының өмірін арашалап қалды

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, екі жігіт судың астына кетіп қала жаздады, деп жазады sputnik.kz

Оқиға 24 желтоқсанда болған. Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға түсті.
"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіттің батып бара жатқанын көріп досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырды.