Атырау тұрғыны өз досының қолынан қаза тапты

0
1 058

Екеуі бала кездерінен көрші тұрып, жақсы қарым-қатынаста болған.


Атырау тұрғыны өз досының қолынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырауда досын пышақтап өлтірген ер адам он жылға сотталды, деп жазады tengrinews.kz.

Былтыр 21 қазанда кешкі уақытта сотталушының үйінің ауласындағы аяқталмаған құрылыс ішінде бірнеше адам болып ішімдік ішкен. Сөйтіп, құқық бұзушы мен досының арасында келіспеушілік туындап, пышақпен жәбірленушінің денесіне соқққы жасаған. Өкінішке орай, оқиға орнында жәбірлеуінші қаза тапқан.

"Бұл жағдай Құрманғазы ауданында болды. Екеуі бала кездерінен көрші тұрып, жақсы қарым-қатынаста болған. Олар үш баладан тәрбиелеп отыр. Алайда, екеуінің арасындағы келіспеушілік біреуінің өліміне әкеліп соқты", - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің өкілдері.