Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

0
489

Қыздың туыстарының айтуынша, мектеп оқушысы қарапайым күндері спорттық киім киіп жүреді. Бірақ сол күні ол ақ көйлек киіп кеткен.


Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Атырауда 12 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

27 маусымда кешке 6-сынып оқушысы Химпоселок шағынауданындағы үйінен шығып кеткен. Оны соңғы рет "Еламан" дүкенінен көрген. Қыз ақ көйлек киген.

Қыздың туыстарының айтуынша, мектеп оқушысы қарапайым күндері спорттық киім киіп жүреді. Бірақ сол күні ол ақ көйлек киіп кеткен. Бейнебақылау камераларына қыздың Химпоселктегі көшеде кетіп бара жатқаны түсіп қалған.

"Қазір жоғалған қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол әлі табылған жоқ", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.