Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды

0
1 295

Қыз кешкі уақытта өз-өзіне қол жұмсауға бекініп, Атырау қаласындағы орталық көпірден секірген.


Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды

ERNUR.KZ. Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгін таңертең жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан 1999 жылы туған денесін тапқан. Ол кешкі уақытта өз-өзіне қол жұмсауға бекініп, Атырау қаласындағы орталық көпірден секірген.

Айта кетейік, өңірде осыған ұқсас жағдай тура бір жыл бұрын тіркелген болатын. 2019 жылы 21 наурыз күні 24 жастағы Шалқар Ақымғалиев көпірден секірмек болған қызды құтқарамын деп көз жұмды.