Атырауда 600 келі бекіре балығы бар браконьерлер ұсталды

0
777

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.


Атырауда 600 келі бекіре балығы бар браконьерлер ұсталды
ERNUR.KZ. Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары – Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады, деп жазады Polisia.kz. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.