​Атырауда 983 медицина қызметкері вакцина алды

0
2 388

Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді.


​Атырауда  983 медицина қызметкері вакцина алды

Атырау облысында ақпанның 1-12 аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 күнде облыста 983 медицина қызметкері екпе алды. Оның ішінде - 273-і аудандық емдеу мекемелерінің қызметкерлері. Қалғандары - қала аумағында екпе алғандар.
Вакцина алған медицина мамандарының денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді.